Басты жаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика
Trending

Астана мен Алматыда жүргізушісіз такси жобасы пилоттық режимде іске қосылады

Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіле бастайды. Бұл туралы Astananews.kz сайты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қалада мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Атап айтқанда Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, ұзақ мерзімді жоспар бойынша бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button