Білім

Астанада «AI ROBOTICS | FIRST CAMP» республикалық форумы өтті

5 ақпан күні Астана қаласында жасанды интеллект пен робототехникаға арналған «AI ROBOTICS | FIRST CAMP» республикалық форумы ұйымдастырылды.
Іс-шара «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және №115 мектептің бірлескен қолдауымен өтті.
Форумның негізгі мақсаты – жасанды интеллект пен робототехника технологияларын білім беру жүйесіне енгізу, FIRST Robotics халықаралық қозғалысын дамыту, сондай-ақ оқушылардың цифрлық және инженерлік құзыреттерін арттыру.
Форум аясында сала мамандарының қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Онда жасанды интеллект пен робототехниканың білім беру саласындағы рөлі, оқушылардың технологиялық ойлауын дамыту жолдары талқыланды. Сонымен қатар робототехника бойынша жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз жобаларын таныстырды.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, педагогтер, IT және инженерлік сала мамандары, сондай-ақ оқушылар қатысты.
«Жасанды интеллект пен робототехника – болашақтың негізгі бағыттарының бірі. Бұл форум оқушылардың технологиялық ойлауын дамытып, оларды жаңа мамандықтарға бағыттауға мүмкіндік берді», – деді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.
Форум еліміздің әр өңірінен келген қатысушыларды біріктіріп, жас ұрпақтың ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға серпін берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button