Қазақстан Республикасы ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовті іздеуге жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 29 қаңтарда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталы арқылы белгілі болды.
Мәліметке сәйкес, іздестіру ісі 28 қаңтар күні «Астана» өңірінде тіркелген.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық деңгейде жұмыс істейтін OrdaMed компаниясының қатысуымен 4,5 млрд теңгеге байланысты фармацевтика саласындағы заңсыз әрекеттер схемасын әшкерелеген болатын. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі OrdaMed компаниясында жүргізілген тексерістерге қатысты қосымша мәлімет ұсынды.



