Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада мектеп оқушылары арасында QARZHYSKILL чемпионатының финалдық кезеңі өтті

Астана қаласында М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында, 6-7 сынып оқушылары арасында QARZHYSKILL чемпионатының финалдық кезеңі өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында қағидаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионат Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Астана дарыны» орталығының бірлесуімен өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дамыту.

Финалдық кезеңге аудандық іріктеу (48 команда) нәтижесі бойынша төмендегі білім беру ұйымдарының командалары қатысты: №6 Г, №111 ЖОББМ, №28 МЛ, №112 ЖОББМ, №8 МЛ, №108 ЖОББМ.

Чемпионат қорытындысы:
І орын – №8 МЛ командасы;
ІІ орын – №112 ЖОББМ командасы;
ІІІ орын – №108 ЖОББМ командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button