
«Jibek joly» телеарнасында «Жақсы адам – 2025» жаңа жылдық концерті ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін кешті жұлдызды жұп – Қыдырәлі мен Қарақат жүргізеді.
Дәстүрлі жобада ерен еңбегімен, игі ісімен үлгі болған жандар «Жақсы адам – 2025» арнайы сыйлығымен марапатталады.
Іс-шара 18 желтоқсан, сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.



