
Мұндай шешім ұйым комитетінің 10 желтоқсан күні Нью-Делиде өткен кеңесінде қабылданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қуанышты хабарды алғаш жеткізгендердің бірі – Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева. Ол сүйінші жаңалықты әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім еткен.
– Дәстүрімізді, рухани мұраның күші мен ұрпақтар сабақтастығын халықаралық деңгейде мойындау, – деп жазды ол.
Негізінен, түркі көшпелі халықтарының баспанасы саналатын – киіз үй 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстан атынан ұсынылған еді. Сол уақытта бастаманы Өзбекстан елі де қолдап, қарақалпақ киіз үйін тізімге қосуды сұраған. Үш елдің ұсынысы енді ғана қабылданды.
Осы жылы барлығы 68 өтінішті қараған комитет көне қырғыз сусынын дайындау (мақсым) әдісін де тізімге енгізіп отыр. Ол қуырылған бидайды суға бұқтыру арқылы дайындалады, оған сүт те қосылады.
ЮНЕСКО –ның хабарлауынша, қазіргі уақытта адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізімі 153 елдің 812 өнерімен толыққан.



