Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Бүгін – Халықаралық еріктілер күні

Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген және жыл сайын 5 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл мереке «Әрбір үлес маңызды» ұранымен өтеді. Сондай-ақ БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсатында халықаралық еріктілер жылы деп жариялады.

Қазақстандағы еріктілер қозғалысы – белсенді және үнемі өсіп келе жатқан үлкен қауымдастық. Олар әрқашан көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге дайын және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жобалар, іздестіру-құтқару жұмыстары сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысады.

Еліміздің дамуына жанашырлық танытып, шынайы үлес қосып жүрген әрбір еріктіге алғыс айтамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button