ӘлемБасты жаңалықтарТехнология
Trending

Дубайда әуе таксиі 2026 жылы іске қосылады

Дубайда алғашқы коммерциялық аэротаксиді іске қосу 2026 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта әуе көлігінің ұшып-қонуына арналған вертипорттар салынуда, деп хабарлайды NBC.

АҚШ-тың Joby Aviation Inc. компаниясы Uber сервисімен бірлесіп 2026 жылы Дубайда алғашқы әуе таксиді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Компания 16 жыл бойы электрлі әуе аппаратын әзірледі. Ол көлемі жол талғамайтын көлікпен шамалас, алты винті бар, төрт жолаушыға арналған және сағатына 320 км жылдамдыққа дейін ұшады.

NBC дерегінше, аэротаксидегі сапар құны Uber Black қызметінің ең қымбат тарифіне тең болады. Әуе таксиі кәдімгі таксиді тапсырыстан айырмайды. Алайда әуе көлігі тек арнайы алаңдар – вертипорттардан ғана ұшып-қона алады. Сол алаңдарға дейінгі жолды жолаушыларға әдеттегі Uber көлігі қамтамасыз етеді.

Америкалық телеарна таратқан мәліметке сәйкес, Дубайда қазірдің өзінде төрт вертипорттың құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі Әл-Мактум халықаралық әуежайында орналасады. Аэротакси әуежайдан Дубай орталығына 45 минуттық жолды небәрі 10 минутта еңсереді.

Via
Kazinform

Басқа жаңалықтар

Back to top button