Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада LRT жүйесінде оқуға және жұмыс істеуге үміткерлерді қабылдау басталды

«City Transportation Systems» ЖШС жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Компанияда мынадай бос лауазымдар бар:
• Станциялардың ауысым басшылары;
• Станция кезекшілері;
• Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
• Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
• LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының сигнализация техниктері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының байланыс техниктері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының электр монтерлері;
• Жабдықтар мен инфрақұрылымды басқару орталығының жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
• Жылжымалы құрам орталығының жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
• Қойма меңгерушілері.
Жеңіл рельсті көлік жүйесінде жұмыс істейтін болашақ қызметкерлерді оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және ҚХР өткізіледі.
Курстың ұзақтығы – мамандыққа байланысты 4 айдан 6 айға дейін. Оқыту аяқталғаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады. Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты – пойыздардың жүргізушісіз қозғалысын, сенімді байланысты және барлық қызметтің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық LRT басқару жүйесінде жұмыс істей алатын білікті қазақстандық мамандарды даярлау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• жоғары немесе орта-арнайы білім (көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар);
• кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі (біліктілік талаптары «cts.gov.kz» сайтында орналастырылған).
Резюмелер ресми сайт арқылы қабылданады: cts.gov.kz
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).

Басқа жаңалықтар

Back to top button