Басты жаңалықтарСпорт
“Қайрат” екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасы 26-туры аясында алматылық “Қайрат” өз алаңында “Астананы” қабылдады, деп хабарлайды Astananews.kz сайты BasSport.kz-ке сілтеме беріп.
Матч тең есеппен аяқталды — 1:1. Алғашқы голды 15-минутта Марин Томасов соқса, екінші таймда жас талант Дастан Сәтпаев таразы басын теңестірді.
Осылайша, Рафаэль Уразбахтин бастаған команда 59 ұпаймен екінші жыл қатарынан Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанды.


