Басты жаңалықтарСпорт

Бүгін “Қайрат” пен “Пафос” кездеседі

УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп жатқан “Қайрат” бүгін “Пафос” командасымен кездеседі, деп жазады BasSport.kz сайты.

Матч Алматыдағы Орталық Стадионда өтеді, ойын сағат 21:45-те басталады.

Рафаэль Уразбахтин бастаған команда жалпы кезеңнің басында екі рет ірі есеппен жеңіліске ұшырады. Алдымен алматылық команда Португалияда “Спортингте (1:4), одан соң өз алаңында мадридтік “Реалдан” (0:5) жеңілген еді. Ал Кипр командасы “Пафос” болса, жалпы кезеңді сырт алаңда грекиялық “Олимпиакосқа” қарсы ойынмен бастап, матч тең есеппен аяқталған. Содан кейін өз жанкүйерлері алдында “Бавариямен” кездесіп, 1:5 есебімен ойсырай ұтылған.

“Қайрат” – “Пафос” матчын “Qazaqstan” телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондао Лигася жалпы кезеңі аясында алматылық клуб “Арсенал”, “Интер”, “Брюгге”, “Копенгаген” және “Олимпиакос” командаларына қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button