Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Қазақстанда антициклон әсерінен аяз бен тұман күтіледі

21–23 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде антициклон әсерінен ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады, деп хабарлады “Қазгидромет”.

Алайда түн мен таңертең суық болады – аспан ашық болғандықтан, жер тез салқындап, түнде минус температура байқалады.

Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстың кей өңірлерінде циклон ықпалы күшейіп, бұлт көбейіп, жаңбыр жаууы мүмкін. Кей батыс облыстарда жауын қатты жауады деп күтіледі.

Кей аймақтарда жел күшейіп, солтүстік пен шығыста тұман түсуі ықтимал. Жалпы ауа температурасы тұрақты деңгейде қалады.

Бұған дейін синоптиктер 20 қазан күні 12 облыста қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button