Басты жаңалықтарҚоғамСаясат

Қазақстан халық үшін ауыз судың құнын төмендету жөнінде шаралар қабылдап жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау есебінен халықты сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз ету науқаны жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

«Халықты сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етумен қатар мемлекет тарапынан ауыз судың құнын арзандату бөлігінде халықты қолдау жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Су кодексіне сәйкес сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлерінің бірі сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау болып табылады», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Оның айтуынша, қолдаудың осы түрін қамтамасыз ету үшін министрлік үш нормативтік-құқықтық актіні бекітті:

  • Сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережелері;
  • Бір текше метр ауыз судың құнын есептеу әдістемесі;
  • Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелерін қосу критерийлері.

«Ауыз судың құнын субсидиялау жөніндегі қағидалар сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін реттейді. Сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері барлық өңірде әр түрлі және сумен жабдықтау көзінің түріне және оның қашықтығына, желілердің ұзақтығына және көрсетілген қызметтердің көлеміне байланысты. Сонымен қатар қызмет көрсету тарифі халық үшін өте жоғары аймақтар бар. Қалаларда орташа тариф – 1 текше метр су үшін 100 теңге, ал ауылдарда 5 мың теңгеге дейін жетеді», – деп атап өтті спикер.

Мысалы, Қостанай облысында сумен жабдықтау жалпы ұзындығы 1 мың шақырымға жететін топтық су құбырлары арқылы су объектілерінен жүзеге асырылады. Екі көршілес ауылда сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері әртүрлі. Егер біреуінде тұрғындар 1 текше метр үшін 100 теңге төлесе, екіншісінде толық тариф, яғни 1 текше метрге 1 мың теңге төленеді.

Комитет басшысының айтуынша, бұл факті тұрғындардың алаңдаушылығын туғызады. Қабылданған нормалар өңірлердегі бір текше метр судың құнын орташа деңгейге теңестіруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button