Басты жаңалықтарҚоғам
Қазақстанда жүргізуші куәлігінен электронды чип алынып тасталады

ҚР ІІМ жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің нысандары мен бланк үлгілеріне өзгерістер енгізу жөнінде түзетулер әзірледі, деп жазады Zakon.kz.
Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінен электронды чипті алып тастау. Бұл қаржылай тұрғыдан тиімді саналады.
Ведомствоның мәліметінше, чип-модульдерді енгізу және пайдалану қосымша шығынды қажет етеді, ал олардың функцияларын қазір мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық атқарып отыр.
«Осыған байланысты чипті алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ІІМ.
Құжат 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына арналған «Ашық НҚА» порталында жарияланған.