Басты жаңалықтарҚоғам
Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайт.
Аталған жұмыстар «Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.