Басты жаңалықтарСпорт
Қазақстандық жас футболшы Испания клубымен ресми келісімшартқа отырды

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның «АД Сеута» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Bassport.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы испандық клуб өздерінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге айтылған жоқ.
Bu gönderiyi Instagram’da gör
Айта кетейік, өткен маусымда 21 жастағы Анкудинов Испанияның бесінші дивизионында өнер көрсететін «Менсахеро» клубының намысын қорғап, барлық турнирлерде 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген болатын.
Бұған дейін ол Молдованың «Шериф», Арменияның «Ван», Литваның «Джюгас» және Беларусьтің «Днепр-Могилев» клубтарында ойнаған.