
Әлемдік танымал әншілер Джастин Тимберлейк пен Робби Уильямс түрік тыңдармандарына ұмытылмас кеш сыйлайды.
30 шілдеде әйгілі R&B және поп-орындаушы Джастин Тимберлейк Ыстанбұл Техникалық Университеті стадионында (İTÜ Stadium) жеке концертін өткізеді.

Әлемдік чарттарда көш бастаған “Cry Me a River”, “Mirrors” және “Can’t Stop the Feeling!” секілді хит әндерімен танылған әнші бұл кеште ерекше дыбыс пен визуалды шоу ұсынуға уәде беріп отыр.
Ал 7 қазанда сол стадионда британдық поп-икона Робби Уильямс алғаш рет Ыстанбұл сахнасына шығады. Бұған дейін Түркияда тек Бодрумда өнер көрсеткен Уильямс енді өзінің жаңа “BRITPOP” альбомының алдында ерекше кеш өткізбек.
![]()
Оның жарқын харизмасы мен сахнадағы энергетикасы тыңдармандарға ұзақ есте қалатын әсер сыйлайды.
Айта кетейік, концерт билеттерін biletinial.com сайтынан сатып алуға болады.


