Әлем

Израиль Газа секторына 2 ай бойы оқ атпайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль өкілдерімен Вашингтондағы кездесу кезінде Газада атысты тоқтату жөніндегі келісім жасалғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Бүгін менің өкілдерім израильдіктермен Газа мәселесі бойынша ұзақ әрі жемісті кездесу өткізді. Израиль 60 күндік бітім орнатуға қажетті шарттарға келісті. Осы уақыт ішінде біз барлық тараппен соғысты тоқтату үшін жұмыс істейміз», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social парақшасында.

Алайда Трамп Израильдің нақты қандай шартқа сүйеніп келіскенін ашып айтпады.

АҚШ президентінің айтуынша, бейбіт келісімге қол жеткізуге тырысып жатқан Қатар мен Египет өкілдері ХАМАС тобына соңғы ұсынысты жеткізбек,

«Таяу Шығыстың игілігі үшін ХАМАС бұл келісімді қабылдайды деп үміттенемін, себебі енді жағдай жақсармайды, тек нашарлай береді», – деді Трамп.

Бұған дейін Газадағы атысты тоқтату туралы үш кезеңнен тұратын бастапқы келісім 19 қаңтарда күшіне енген. Алайда оның тек бірінші кезеңі ғана жүзеге асты. Наурыз айында Израиль әскері Газаны қайтадан атқылай бастады. Нетаньяху кеңсесі мұны ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартты және АҚШ пен араағайындардың ұсыныстарын қабылдамады деп түсіндірген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button