Ресейден Қазақстанға шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 448 480 теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік шекара арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын, жануар тектес өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.