Басты жаңалықтарҚоғам
Астаналық әйел банктен 31 миллион теңге ұрлап, Мәскеуде ұсталды

Қазақстан Бас прокуратурасы аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен іздеуде жүрген әйелдің Мәскеуден экстрадицияланғанын хабарлады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу мәліметі бойынша, бұрын Астана қаласындағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер қызметін атқарған әйел 2015-2017 жылдар аралығында 31 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Осы қылмысты жасағаннан кейін ол із суытып, халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың маусым айында іздеуде жүрген азамат Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, бұл қылмыс үшін айыптының мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.