Басты жаңалықтарҚоғам
Астанада Достық пен Д. Қонаев көшелерінде жөндеу жүргізіледі

Астанада Достық пен Д. Қонаев көшелерінің бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 18-23 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.