Басты жаңалықтарЭкономика

«Өрлеу» жаңа бағдарламасы кәсіпкерлерге 750 млрд теңгеге қолдау көрсетеді

«Даму» қоры жеңілдетілген несие беру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа «Өрлеу» бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарлама аясында 750 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңгесін екінші деңгейлі банктер бірлесіп қаржыландырады. Бағдарламаға микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Қаражат келесі мақсаттарға беріледі: инвестициялық жобаларға – 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңге. Бұл жайында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ алаңында айтты.

Оның хабарлауынша, бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6%-дан аспайды. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін беріледі. Бағдарлама аясында қайта қаржыландыру көзделген. Бірақ ол 2025 1 қаңтарынан бастап берілген несиелерге ғана қарастырылған. Несиелеудің басым салалары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.

«Микро және шағын бизнес үшін біз кредиттік мөлшерлемені субсидиялау келесі шартпен беріледі: кредит бойынша ең жоғары мөлшерлемесі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне қосылған 4%, жалпы сыйақы мөлшерлемесі 20,5% болады. Оның 40%-ы «Даму» арқылы субсидияланады. Бұл ретте несие кәсіпкерге 12,3% көлемінде болады. Ең жоғары сомасы 200 млн теңгеден аспайды. Басым салалар да қарастырылған. Бұл: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру және денсаулық сақтау. Алғашқы 5 айда біз субсидиялау арқылы 2170 жобаға қолдау көрсеттік. Оның жалпы кредиттік портфелі 279,6 млрд теңгені құрады», – деді спикер.

2010-2023 жылдары субсидиялау арқылы 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінсе, ол 6,5 млрд теңге салық ретінде бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар 141 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Қолдау тапқан кәсіпорындар 2010-2024 жылдары 129,8 трлн теңге сомасына, оның ішінде 2024 жылы 25,4 трлн теңгеге өнім өндірді. Салық түсімдерінің сомасы – 9 трлн теңгені құрады, оның ішінде 2024 жылы – 1,7 трлн теңге түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button