Басты жаңалықтарСпорт
Жәнібек Әлімханұлы өзінің «қаруын» көрсетті

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жеңістерінің басты құпиясын көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сәуір айындағы жекпе-жектен сурет жариялап, оған қысқа ғана: «Екі қол — екі қару» деген жазба қалдырды.
Еске салайық, 5 сәуірде Астанада өткен жекпе-жекте Жәнібек француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 KO) қарсы чемпиондық атақтарын сәтті қорғап, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.