Басты жаңалықтарҚоғам

Астана әуежайының жолаушыларына маңызды ескерту жасалды

Бүгін, 2025 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының штабы Астана әуежайының жолаушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр.

Дүйсенбі, 14 сәуірде «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді.

Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының штабына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.

2025 жылғы 4 сәуірде Астанада жұмыс істемейтін №25 орта мектеп ғимаратында (Ы.Алтынсарин көшесі, 9) жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button