Басты жаңалықтарСаясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке келді. Бұл туралы 2025 жылғы 11 сәуірде президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды AstanaNews.kz.
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаевты Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков күтіп алды.
Сурет: akorda.kz

«Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады», – деп жазылған ресми ақпартта.

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барған болатын. Онда Мемлекет басшысы Самарқандта өткен Орталық Азия – Еуропалық Одақ саммитіне қатысып, сөз сөйледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button