TEKNOFEST 2025 технологиялық байқауларына өтінім қабылдау басталды
Әлемнің ең ірі технологиялық фестивалі TEKNOFEST 2025 қатысушыларды қабылдауды бастады. Биыл сегізінші рет өтетін ауқымды шара 53 түрлі санаттағы жарыстарды қамтиды, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты.
Іріктеу кезеңінен сәтті өткен командаларға 75 миллион түрік лирасы (1 миллиард тенге) көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар 45 миллион лира (600 миллион тенге) көлеміндегі сыйақы қорын бөліседі.
Байқаулар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады: «Адамзат игілігі үшін технологиялар», «Ақылды көлік жүйелері», «Білім беру технологиялары», «Экология және энергетика», «Ауыл шаруашылығы технологиялары», «Кедергісіз өмір», «Биотехнологиялық инновациялар», сондай-ақ гиперлуп, дрондар, робототехника, жасанды интеллект және денсаулық сақтау салаларындағы сайыстар.
Байқауларға бастауыш және орта мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатыса алады. Тіркелу және толық ақпарат алу үшін www.teknofest.org сайтына кіріңіз.
Өтінім қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 15 наурызына дейін.
Технологиялық армандар орындалатын TEKNOFEST 2025 байқауларына қазір өтінім беріп, технология саласындағы көшбасшылардың қатарына қосылыңыз!