Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Голливудты бағындырған қазақ қызы

Голливудтың ең танымал каскадерлерінің біріне айналған қазақ қызы Әлия Ысқақованың жетістіктері әлемді таң қалдыруда. «Nomad Stunts» каскадерлер тобының мүшесі ретінде көптеген танымал фильмдер мен телехикаяларда жұмыс істеген Әлия, аса күрделі трюктерді шебер орындайды, деп жазады Jibek Joly телеарнасы.

Әлияның ең танымал трюктерінің бірі – биіктіктен секіру. Ол бұл трюкті бірнеше рет орындап, ешқашан жарақат алмаған. Сонымен қатар, әйнек үстімен жүру сияқты басқа да қауіпті трюктерді орындайды. Оның батылдығы мен кәсіби шеберлігі кино әлемінде жоғары бағаланды.

Әлияның жұмысы канадалық кино және телеарна Академиясының жүлдесімен марапатталды. Ол сондай-ақ көптеген басқа марапаттарға ие болды. Әлия – әлемдік киноиндустриядағы ең сұранысқа ие каскадерлердің бірі. Оның көмегіне Америка, Қытай, Еуропаның танымал актерлері жүгінеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button