Басты жаңалықтарҚоғам

«Ел арна» мен «Хабар» телеарналары біріктірілді

Бүгін, 2025 жылдың 11 наурызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі телеарнаның бірігуі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Zakon.kz.

Оның айтуынша, «Ел арна» мен «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешімді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «отандық медиа кеңістігіндегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру мақсатында» қабылдаған.

Отандық медиакеңістіктегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру үшін «Eл арна» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды. Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған.

«Eл арна» және «Хабар» телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. «Eл арна»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

«Eл арна» телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Біз бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Eл арна» телеарнасының ұжымына көпжылдық еңбектері, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді. Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады.

«Eл арна» телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы «24KZ» және «Хабар» сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақтылы жаңартуға қайта бөлінеді.

«Eл арна» телеарнасының қызметіне атсалысқан барша жандарға шынайы ризашылығымды білдіремін және алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілеймін!Аида Балаева

«Eл арна» телеарнасы 2000 жылдың 22 наурызында алғашқы ұлттық мемлекеттік тілдегі арна ретінде «Хабар-2» атауымен құрылды.

2002 жылдың наурызында атауы «Eл арна» болып өзгертіліп, екі тілде хабар таратуға көшті.

2014 жылдың наурызында арна өз жұмысын тоқтатып, оның жиілігінде «24KZ» жаңалықтар телеарнасы іске қосылды.

2017 жылдың 27 наурызында «Eл арна» жаңа форматта отандық киноарна ретінде қайта іске қосылып, 2024 жылдан бастап «Eл арна» жастарға арналған ойын-сауық арнасы ретінде қайта құрылымдалды.

2025 жылдың 10 қаңтарында Аида Балаева «Қазақфильм» жұмысындағы оң өзгерістер туралы айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button