Басты жаңалықтарҚоғам
Түрік актері Бурак Өзчивит Қазақстанға келе жатыр

Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит 22 наурызда Қазақстанның Алматы қаласында өтетін шараға қатысады, деп хабарлайды AstanaNews.kz.
Түрік киножұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында Наурыз мерекесінде Алматы қаласында болатынын мәлімдеді.
Танымал түрік актері Бурак Өзчивит Алматыда 22 наурызда өтетін шарада түрік сериалдарының әуендері орындалатын ерекше кешке қатысады.
«Қара севда» сериалы арқылы қазақ көрермендерімен тығыз байланыс орнатқан Өзчивит бұл ерекше шарада жанкүйерлерімен кездесіп, ұмытылмас кеш сыйламақ.