Басты жаңалықтар
		
	
	
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы — Азия ойындарының чемпионы

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Шайба авторлары:
- Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
 - Дмитрий Бреус (21:02)
 - Роман Старченко (37:59)
 - Кирилл Панюков (42:24)
 - Кирилл Панюков (44:23)
 
Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).
Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді. Ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.



