Басты жаңалықтарСпорт

Шаңғы жарысы: ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.

Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында. Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді.

Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы эстафетада күміске қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button