Басты жаңалықтарҚоғамЭкономика
Әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндетті
![](https://astananews.kz/wp-content/uploads/2025/02/jesus-loves-austin-0o0gux4ozx4-unsplash1-780x470.jpg)
Tiktok, Instagram, Youtube сынды әлеуметтік желілерден пайда тауып отырған қазақстандықтар салық төлеуге міндетті, деп хабарлайды AstanaNews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме беріп.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кірістердің барлық түріне, соның ішінде шетелдік компаниялардан түсетін кірістірге салық қарастырылған.
Қазақстанда заңды жұмыс істейтін платформалардан төлем автоматты түрде ұсталады, деп жазады qazaqstan.tv.
Әлеуметтік желілерде монетизация арқылы табыс табатындар 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыруы тиіс. Салық көлемі 10 пайыз.
Егер тұрақты түрде жұмысшы жалдамаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.
“Тек қажеттілік туындағанда банк көшірімі мен әлеуметтік желідегі монетизация туралы мәліметтерін көрсетсе жеткілікті”, – дейді комитет өкілдері.