Басты жаңалықтарТуризм
Венгрияға әуе қатынасы кеңеюде
![](https://astananews.kz/wp-content/uploads/2025/02/67a43752e3cd8006864719-780x470.jpg)
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде