Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер Астана әуежайынан қарсы алды
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионат қорытындысы бойынша ересектер санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 10 алтын жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Оның ішінде Астана қаласының спортшылары жалпы 7 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатты.
«Чемпионатқа 15 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Біздің команда бұған дейінгі нәтижелерін жақсартып, командалық есепте көш бастады. Енді 2025 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Бұл жетістік — қазақстандық спортшылардың таланты мен табандылығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыратынына сенім мол», – деді киокушинкай-кан каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Азамат Такенов.
Астана құрамасының нәтижесі:
Алтын медаль:
* Жамидинова Еркеназ (16-17 жас, -60 кг);
* Ай Асия (16-17 жас, -55 кг);
* Қойшыбай Мұхаммедәлі (16-17 жас, -55 кг);
* Ракишева Ұлжан (18+, -60 кг);
* Жанғабылов Рахат (18+, -60 кг);
* Карменов Әлішер (18+, -65 кг);
* Аманов Айбек (18+, -75 кг).
Күміс медаль:
* Серік Айдын (18+, 70 кг);
* Искаков Мақсат (18+, 75 кг);
* Ғалымжанова Гульназ (18+, 55 кг);
* Изтанатова Гульназ (18+, +60 кг);
* Ахметова Назира (18+, 60 кг);
* Менеева Мариям (16-17 жас, -50 кг);
* Дулатов Жаныбай (16-17 жас, АБС);
* Нұрхайдаров Жаннұр (16-17 жас, -55 кг).
Қола медаль:
* Сабиханов Нұрали (16-17 жас, -55 кг);
* Улжебаев Тайр (16-17 жас, -60 кг);
* Асылхан Берек (16-17 жас, -60 кг);
* Баткен Бекарыс (16-17 жас, -70 кг);
* Сағындық Әділжан (16-17 жас, АБС);
* Ержанова Жания (18+, -60 кг);
* Абдуқадыр Мұрат (18+, 60 кг).