Қоғам

Есірткі жарнамасын желімдеп, шлагбаумды бұзды: елордада кезекті тәртіп бұзушылар жазаланды

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасып жатыр. Астана полицейлері кезекті вандалдарды анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды AstanaNews.kz.

11 қазан күні сағат 09:40-та 20 жастағы жігіт Ақан Сері көшесіндегі шлагбаумды өз бетінше көтеруге тырысып, оны зақымдаған. Вандал әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, құқық қорғау органдары есірткі жарнамасының QR кодтары бар 53 парақшаны қалаға жапсырған жас жігітті ұстады. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды. Белгілі болғандай, сотталушы нақты не жарнамалайтынын білген. Прокурорлар мұндай әрекеттер үшін 6 жылға дейін темір торға тоғытуға болатындығын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар мен қала тұрғындары қолдайтын «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрнісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button