Басты жаңалықтарСпорт

Астанада жаппай веложарыс өтеді

19 мамырда сағат 8.00-ден бастап Астанада жаппай веложарыс өтеді, оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Велосипедшілер айналма веложолдан (Қосшыға қарай жол бойында) 25 км қашықтықта бастап, «Үркер» тұрғын алабының «Жасыл белдеу» саябағында аяқтайды.

Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу іс-шара өткізілетін күні сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін жалғасады. Басталуы 09:00.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Әр қатысушыға өзінің велосипедімен жүруге рұқсат етіледі.

Қаланың барша тұрғындары мен қонақтарын бізбен бірге жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button