Басты жаңалықтар

Астанада Ұлы Дала мен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ұлы Дала және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы қозғалыс уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Көлік қозғалысы 19 қазан күні сағат 21:00-ден бастап, 20 қазан күні 07:00-ге дейін толықтай шектеледі. Осы уақыт аралығында аталған қиылыстан көліктер мен жаяу жүргіншілер өте алмайды.

Әкімдік жүргізушілер мен тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button