Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында Тілендиев даңғылында жол жұмысы басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button