Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button