Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

CTS компаниясының басшысы Асылбек Дүйсебаев елордадағы LRT пойыздарының жолаушылар үшін нақты қашан іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Astananews.kz сайты.

Оның айтуынша, жеңіл рельсті көлік жүйесі осы аптадан бастап қала тұрғындарына қызмет көрсете бастайды.

«LRT осы аптада іске қосылады», – деді Дүйсебаев журналистерге берген сұхбатында.

Жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын LRT желісінде 18 станса қарастырылған.

Бағыт Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, MEGA Silk Way, Ботаникалық бақ, Abu Dhabi Plaza, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және Нұрлы жол теміржол вокзалы секілді қаланың маңызды нысандары мен аудандарын қамтиды.

LRT күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button