Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылданып жатыр

Астанада Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бірқатар лауазым бойынша кадрлар қабылдау басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияда мына салалар бойынша жұмыс ұсынады:

Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:
— ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
— күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
— ғимараттарды жөндеу шебері.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:
— техникалық жүйелер менеджері;
— сапа менеджері;
— өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.

Мүлікті басқару бөлімі:
— қойма менеджері;
— әкімшілік басқару менеджері;
— қойма шаруашылығы технигі.

Кешенді басқару бөлімі:
— бөлім басшысы;
— кешенді және оқу басқармасының менеджері;
— өндіріс менеджері;
— экономика менеджері;
— әкімшілік басқару менеджері;
— әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
— нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
— станция ауысымының басшысы;
— станция кезекшісі;
— қауіпсіздік менеджері;
— сапа менеджері;
— өндіріс диспетчері.

Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
— өндіріс диспетчері;
— техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
— жоспарлы жөндеу слесары;
— жабдықтарды жөндеу слесары.

Пойыз бригадалары бөлімі:
— қозғалыс менеджері;
— жол техникасының аға машинисі;
— жол техникасының машинисі.

Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
— қауіпсіздік менеджері;
— байланыс шебері;
— дабыл жүйесі шебері;
— дабыл жүйесі технигі.

Электрлік-механикалық қызмет:
— жөндеу шебері;
— жөндеу слесары.

Электрлік жөндеу қызметі:
— энергетик;
— электр монтері.

Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:
— жол монтері (қараушы);
— көпір желісі монтері.

Кандидаттар жоғары немесе арнаулы орта білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар) болуы шарт. Сол сияқты тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.

Жұмыс берушінің есебінен оқыту немесе біліктілікті арттыру ұсынылады. Оқу мерзімі – 4 айға дейін. Оқыту Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналастыру көзделген.

Оқыту кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа орналасқаннан кейін лауазымына байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі бар.

Түйіндемелер CTS-тің https://cts.gov.kz/company/vacancy/ ресми сайты арқылы қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button