Air Astana ұшағы MAY-DAY дабылын берді: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды

2025 жылғы 17 желтоқсанда Air Astana авиакомпаниясы әуе кемесінің ұшу кезінде кері қайтарылуы жөнінде ресми түсініктеме берді, деп жазады Zakon.kz.
Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей:
17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралды.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07: 40-та штаттық режимде орындалды.
Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10: 15 – те аттандыралады.
Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.


