ӘлемСпорт
Trending

Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселонаны» сатып алуы мүмкін

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд испандық «Барселона» футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы El Chiringuito TV тілшісі Франсуа Галлардо X-тегі жеке парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселонаны» 10 млрд еуроға сатып алу туралы ұсыныс жасамақ.

Алайда клуб мүшелері мұндай сатып алуға кедергі келтіруі мүмкін. Себебі клуб ондағы сайлау мен басқаруды қадағалап отырған мүшелерінің ортақ меншігінде.

Тілшінің жазуынша, «Барселонаның» қазіргі уақытта қарызы 2,5 млрд еуродан асып отыр.

Forbes мәліметінше, испан клубының құны шамамен 5,6 млрд доллар. Бұл оны әлемдегі ең қымбат бес футбол командасының қатарына қосып отыр.

Source
Kazinform

Басқа жаңалықтар

Back to top button