Басты жаңалықтарСпорт
Trending

«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді

Кездесу «Сан-Сиро» стадионында өтті, оған Португалиядан келген Луиш Годинью бастаған төрешілер құрамы төрелік етті.

Бірінші таймның 45-минутында «Интердің» капитаны Лаутаро Мартинес есеп ашты. Ал, 55-минутта «Қайрат» капитаны Офри Арад есепті теңестірді.

Алайда, Карлос Аугусто бұрыштамадан дәл соққы жасап, 67-минутта «Интер» алға шықты. Нәтижесінде ойын 2-1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының осы маусымында миландық «Интерге» қарсы гол соққан алғашқы команда болды. Италиялық клуб бұған дейін үш ойында: голландиялық «Аякс» (2-0), чехиялық «Славия» (3-0) және бельгиялық «Юнионды» (4-0) жеңіске жетіп, бірде-бір гол жібермеген.

Енді «Қайрат» 26 қараша күні сырт алаңда даниялық «Копенгагенмен» кездеседі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button