ӘлемТуризм
Trending

БҰҰ төрт түрік ауылын 2025 жылдың үздік туристік мекендері қатарына қосты

Түркиядағы төрт бірегей елді мекен БҰҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UN Tourism) беделді «Best Tourism Villages 2025» тізіміне енгізілді. Марапатқа лайық деп танылған ауылдар: Ақыяка (Муғла провинциясы), Барбарос (Измир), Анытлы (Мардин) және Кале Учағыз (Анталья).

Қытайдың Хучжоу қаласында өткен марапаттау рәсімінде бұл ауылдар табиғи сұлулықты, тарихи мұраны және бірегей мәдениетті үйлестіре білгені үшін құрметке ие болды.

Айта кету керек, бұған дейін бұл атаққа Тараклы (Сакарья), Мұстафапаша (Невшехир), Бирги, Шириндже (Измир) және Ормана (Анталья) ауылдары лайық болған. Жаңа лауреаттар қосылғаннан кейін, БҰҰ мойындаған түрік ауылдарының жалпы саны тоғызға жетті.

Акяка – Эгей жағалауындағы баяу өмір салтымен танылған табиғи жұмақ. Мұнда теңіз, жасыл орман және дәстүрлі сәулет үйлесім тапқан.

Акяка

Барбарос – Измир маңындағы қонақжай ауыл, онда жергілікті тағам, зәйтүн майы және қолөнер дәстүрлері сақталған.

Барбарос

Анытлы – Мардинде орналасқан, түрлі дін өкілдері ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқан мәдени аймақ.

Анытлы

Кале Үчағыз – Ликия жолының бойындағы теңіз жағалауындағы ежелгі мұраға толы тыныш ауыл.

Кале Үчағыз

Басқа жаңалықтар

Back to top button