
Түркияның оңтүстік-шығысындағы ерекше археологиялық аймақ – «Taş Tepeler» («Тас төбелер») әлемдегі ең көне неолит ескерткіштерінің бірі болып саналады. Бұл жерде әйгілі Гёбекли-Тепе мен Карахан-Тепе сияқты нысандар орналасқан. Соңғы қазба жұмыстары адамзат тарихы туралы түсінігімізді кеңейтіп отыр.
Карахан-Тепеде археологтар алғаш рет адам жүзі бейнеленген Т-тәрізді тас баған тапты. Бұған дейін Гёбекли-Тепе мен басқа ескерткіштерде тек қол мен білектің суреттері кездесетін. Ал бұл жаңа табылған бейне – көздері мен мұрны дәл әрі айқын қашалып бейнеленген алғашқы реалистік адам мүсіні ретінде неолит дәуірінің өнері мен мәдениетін зерттеуде елеулі ғылыми жаңалық болып саналады.
Биылдың тағы бір сенсациялық табысы – әлемдегі ең көне үшөлшемді мифологиялық көрініс болып есептеледі. Қызыл топырақ қабатында арнайы ретпен көмілген бұл артефактілер көне адамдардың дүниетанымы мен символдық ойлау жүйесін паш етеді. Археологтар бұл табысты «Неолит дәуірінің ең ірі жаңалығы» деп атап отыр.
Taş Tepeler аймағының ең танымал нысаны – ЮНЕСКО тізіміне енген Гөбеклітепе. Мұндағы биік Т-тәрізді бағандар, табиғи көлемдегі қабан мүсіні және қабырғадағы адам бейнелері ежелгі дәуір рухын сезіндіріп, келушілерге ұмытылмас әсер қалдырады.
Шанлыурфаға келгенде міндетті түрде Түркиядағы ең ірі музей кешені – Шанлыурфа музейі мен оған іргелес Халеплибәхче мозайка музейіне де соғып өтіңіз. Мұнда қола дәуірінен бүгінге дейінгі жәдігерлер ретімен қойылған.
Бұл қала – жай ғана елдімекен емес, ашық аспан астындағы нағыз мұражай. Балıклıгөлдің киелі суына шомылып, Харранның күмбезді үйлерін аралап, жергілікті мәдениетке қанығыңыз. Ал мұндағы атақты «бауыр жая» таңғы асы мен дәмі тіл үйіретін «чиг кёфтесін» жемей, бұл қасиетті жерден қайтуға болмайды!