Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейін жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 14-25 шілде аралығында көрсетілген аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button