
Португалия құрамасы мен ағылшындық «Ливерпуль» командасының ойыншысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Marca интернет басылымы хабарлады, деп жазады Kazinform.
Championat.com спорт порталының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған. Қатты жылдамдықпен көлік жолдан шығып кеткен, артынша аударылған, өртенген. Сол кезде жол апатына түскен ағайынды футболшылар көліктен шыға алмай қалған. Өкінішке қарай 28 жастағы футболшы мен оның ағасы көз жұмды.
Джота – «Ливерпуль» ойыншысы ретінде көпшілікке танымал. Аталған клуб сапында 2020 жылдан бері ойнады. Португалиялық вингер мерсисайдтық клубпен бірге Англия чемпионы атанды, Англия кубогын және Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Бұған дейін ол «Вулверхэмптон», «Атлетико Мадрид», «Порту» және «Пакос де Феррейра» клубтарының қатарында да доп тепкен.
Ұлттық құрама сапында да сәтті өнер көрсетіп, екі рет UEFA Ұлттар лигасын жеңіп алған болатын.