HONOR 400: Қазақстанда алғашқы аптада 1000-нан астам сатылып, көш бастады

Қазақстанда HONOR 400 сериясы сатылымының алғашқы аптасында 1000-нан астам құрылғы сатылып, орта сегменттегі смартфондар арасында көш бастады. Бұл жаңа үлгінің танымалдылығы қытайлық брендтің нарықтағы позициясын тағы да нығайтты.
Жаңа модель 200 мегапиксельді камера, 30 еселік AI Super Zoom, AI Portrait Snap және Harcourt стиліндегі кинематографиялық түсіру мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, смартфонға ендірілген AI-редактор фотосуреттегі қажетсіз элементтерді жойып, кадрды автоматты түрде анимациялай алады. Контент жасаушылар үшін Moving Photo Collage функциясы бірнеше «жанды» кадрды бір динамикалық коллажға біріктіруге мүмкіндік береді.
HONOR 400 құрылғылары MagicOS 9.0 жүйесінде жұмыс істейді. Онда дауыспен басқару, deepfake-ке қарсы қорғаныс және интеллектуалды диктофон сияқты заманауи мүмкіндіктер біріктірілген.
Серияның Астанадағы таныстырылымы шығармашылық атмосферамен ерекшеленді. Қазақстандық фотограф Дархан Жағыпаров HONOR 400 көмегімен Алматының ерекше сәттерін түсіріп, қала туралы көркем фото-жобасын ұсынды. Оның айтуынша, бұл смартфон жылдамдық пен дәлдік қажет сәттерде сенімді серікке айналған.
HONOR компаниясы Қазақстанды жаңа серияны алғаш ұсынған елдердің бірі ретінде таңдап, бұл модель арқылы кәсіби мүмкіндіктерді көпшілікке қолжетімді етуді көздеп отыр.
HONOR 400 сериясы 19 маусымнан бастап еліміздегі барлық ресми сатылым орындарында ұсынылған.
«Қазақстан — HONOR 400 сериясы алғаш таныстырылған елдердің бірі болғанына қуаныштымыз. Бұл смартфондар — кәсіби технологияны әрбір адамға қолжетімді ететін жаңа кезең», — деп атап өтті HONOR компаниясының Қазақстандағы өңірлік директоры Джонибек Вэй.