Елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні – #IDY2025 аталып өтеді. Мереке Ботаникалық бақта (Түркістан көшесі жағынан кіру) өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара таңғы сағат 6:00-де басталады. Қала тұрғындары мен қонақтарының барлығы қатыса алады.
Мерекелік бағдарламада Үндістаннан келген тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге жаттығу, сондай-ақ қатысушыларға арналған сыйлықтар мен сертификаттар қарастырылған.
Қатысу үшін өзіңізбен бірге йогаға арналған төсеніш, бас киім және жақсы көңіл-күй ала келуіңіз керек.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астанадағы Үнді мәдени орталығы және Yoga Family Astana. Ол Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Қосымша ақпарат @iccr_astana Instagram парақшасында қолжетімді.